Қыздарға арналған 40 кеңес 🌺
1. Өз-өзіңізді жақсы көріңіз. Сонда өмір сүру әлдеқайда жеңіл болады.
2. Бірге жүрген қыздардың бәрі әрқашан қасыңыздан табыла бермейтінін ұмытпаңыз.
3. Егер шынайы дос тапсаңыз, қандай қашықтықта болса да, достық қарым-қатынасыңызды үзбеңіз.
4. Дүниеге қызықпаңыз, ол сізді бақытты етпейді.
5. Қандай жағдайға кезіксеңіз де, ешкімді кінәламаңыз, қатені алдымен өзіңізден іздеңіз.
6. Әжеңізбен жиі уақыт өткізіңіз, ол сізге көп нәрсе үйретеді.
7. Есте сақтаңыз: белгілі бір мәселеге тіреліп, өмір тоқтап қалмайды. Өйткені жаңбырдан кейін де күн шығады.
8. Барлық нәрсеге шайқаса берудің қажеті жоқ.
9. Өзіңізді өзгелермен салыстырмаңыз, ол сіз секілді ешқашан бола алмайды.
10. Сезіміңіз соншалықты берік болса да, махаббатқа қатты берілмеңіз. Себебі сіз өз-өзіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін.
11. Әдемі әрі сауатты сөйлеп үйреніңіз, ол сізге өмірде міндетті түрде көмектеседі.
12. "Жоқ" деп айтудан қорықпаңыз, оның да пайдасы бар.
13. Өмір тек бір-ақ рет беріледі. Сондықтан оны өкінбейтіндей етіп сүруге тырысыңыз.
14. Жігіттердің артынан жүгірмеңіз, керісінше олар сіздің артыңыздан жүгіруі керек.
15. Жақсы сөз - жарым ырыс екенін естен шығармаңыз. Оны айтып та, қабылдап та үйреніңіз.
16. Өзгелердің де, өзіңіздің де алдыңызда адал болыңыз.
17. Жалғыздықтан қорықпаңыз. Ол өздігіңізден дамуға көмектеседі.
18. Өз сезіміңізді жеткізуден қорықпаңыз.
19. Дауласқыңыз келсе дауласыңыз, бірақ 8-ереже есте болсын.
20. Білім - керемет күш. Жан-жақты болу үшін әртүрлі кітап оқыңыз.
21. Егер жігітіңіздің үйінде бірде-бір кітап болмаса, теріс айналып кете беріңіз.
22. Өзіңізді қандай жағдайда да алып шығуыңыз керек.
22. Қателіктерден сабақ алатыныңызды ұмытпағайсыз.
23. Күніне бір рет болса да айналаңыздағы адамдарға жақсылық жасауға тырысыңыз.
24. Тәрбиелі жанұядан шыққаныңызды көрсетіңіз. Сонда сіз жайлы тек керемет пікірлер айтылатын болады.
25. Тек үлкендермен ғана емес, өзіңіздің қатарластарыңызбен және жасы кіші адамдармен де сыпайы болыңыз.
26. Сіздің сөздеріңізден гөрі істеріңіз сіз жайлы көп нәрсеге көз жеткізетінін біліп жүріңіз.
27. Сезіміңізді жасырып емес, айтып біліңіз.
28. Қарапайым заттардың өзінен көркемдік көруге тырысыңыз.
29. Теріңізге жас кезіңізден абай болыңыз. Күнге қарсы иісмайлар пайдаланыңыз.
30. Сізді жақсы көретін жандармен жақын болыңыз.
31. Қандай қиыншылыққа кез болсаңыз да, еңсеңізді түсірмей, басыңызды тік көтеріп жүріңіз.
32. Өзіңіздің көз жасыңыздан қорықпаңыз. Өйткені одан жаңа күш, серпіліс таба аласыз.
33. Күлкі - жаныңызға да, денеңізге де ем.
34. Сөзбен жұбата да, жылата да аласыз. Сондықтан сөйлемес бұрын ой сүзгісінен өткізіңіз.
35. Кешірім сұрау кішіліктің емес, кісіліктің белгісі.
36. Алға қойған мақсатқа жету үшін талмай еңбектенуіңіз керек.
37. Өз-өзіңізді қамтамасыз етіп үйреніңіз.
38. Өзіңіздің бағаңызды ешқашан түсірмеңіз.
39. Сіз өзіңіз ойлағаннан да жоғарысыз.
40. Өмір дегеніміз - бүгінгі күн. Кешегі де емес, ертеңгі де емес. Бүгінгі күнмен өмір сүріп, бақытты болыңыз.